
Қазір, облыста жағдай тұрақты. Бұл әрине, барлық қатысушы құрылымдардың бірлесе артқарған жұмының арқасында. Еске сала кетейік, өңір басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен өткен жылдың күзінде-ақ ШҚО қалалары мен аудандарында су тасқынының алдын алу шаралары басталған еді.
Биыл алғаш рет тасқын суға төтеп беру үшін тарихи деректерге негізделген арнайы картажасалды. Су тасқыны қаупі бар аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, үнемі толықтырулар енгізіліп отырадыБасты мақсат – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ШҚО-да биылғы жыл «Жол жылы болып жарияланды және өңір билігі жол жөндеу жұмыстарынының сапасына ерекше назар аудармақ.
облыс әкімі Ермек Көшербаевтыңайтуыншатұрғындар тарапынан түсетін шағымның көбі жолға қатыстыоған себеп, соңғы жылдары толыққанды жөндеудің жүргізілмегені. Биыл өңірдегі жолдарды жөндеуге екі есе қаржы бөлінді.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, 28,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда, 600 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
Сапаға аса мән беруіміз қажет, - деп атап өтті өңір басшысы,Осы тұста жол патрульдерімен бірлесе жұмыс істеген абзалӘсіресе көнетоз жолдарда мәселе шаш етектен.Уақыт өте топырақ шөгеді, климат өзгередіәрине, жолға да әсер етедіСондықтан құрылыс технологияларының сапасын қадағалауымыз қажет.
Кез келген адам жөндеу жұмыстарын қайда және қашан жүргізетінін білуі үшін жолдардың толық тізімін құзырлы басқарманың сайтында міндетті түрде жариялау тапсырылды.
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында "Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру басталған еді. Өңірде 1,5 млрд теңгеден астам сомаға 213 несие беріліп,бағдарлама аясындаауылдық жерлерде 235 жаңа жұмыс орны пайда болды.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Диляра Жылқайдарованың баяндауындаағымдағы жылы дәл осы бағдарлама бойынша облыс азаматтарына 1000 несие беру жоспарланған
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, аталмыш бағдарлама өңірэкономикасының өсу құралына айналуы тиіс. Мысал ретінде, Күршім ауданындағы тұшпара өндіретін кәсіпорынды сөзге тиек етті.
Баяндама көңіл көншіткенімен, экономиканың өсу нүктелерін қалыптастыруда бағдарламаныңқандай мүмкіндіктері бар екенін естімедімсондай-ақ, жергілікті брендтерді көрмедім, – деп атап өтті Ермек Көшербаев, - Нәтижебар, бірақ олар туралы сөз қозғалмадыЖобаның көпшілігі мал шаруашылығына негізделгенал өсімдік шаруашылығына арналғаны – бір пайыз. Біз өз өнімдерімізді шығаруға қауқарымыз жеткілікті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкерлер делдалдарсыз-ақ сата алады.
Өскеменде өндіруші мен тұтынушы арасында сәтті ашық алаң құрудың мысалдары жеткіліктіМысалдарды негіз ете отырып, аудан әкімдеріне жергілікті жерлерде осындай алаңдар құру тапсырылды.
Сондай-ақ, өңір басшысы дүкен сөрелерінде жергілікті өнімдердің түрі де, саны да ұлғаюы тиіс екендігін ашып айтты. Бұл үшін жергілікті бизнесті дамыта алатын әрі ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға қауқарлы бастамашыл кәсіпкерлердің қолдау көрсетілуі керек
Шығыс Қазақстанда жыл сайын 146,5 мың тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Арман Есентаевтыңөңірде 165 полигон мен ҚТҚ сақтау орны бар, оның тек 22-сінде рұқсат құжаттары бар екенін айтып өтті. Яғни, полигондардыңсанаулы бөлігі ғана экологиялық талаптарға жауап береді.
Ермек Көшербаев осы бағытта тікелей жұмыс істейтін жауапты басқарламаларды шақырып, әрқайсысына осы мәселе төңірегіндебірлесе күш салуды тапсырды.
– Қазір сіз осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігін білмейсізБіз стратегия құрып, қоқыс жинау мәдениетін насихаттамайыншашара қолданудың еш мәні жоқ, - деді өңір басшысы.
Әкімдік отырысынан кейін облыс әкімі су тасқыны жағдайының жедел мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен бейнеконференция арқылыіскерлік кездесу өткізді. Облыс тұрғындары үшін денсаулық сақтау, білім беру, ауылдар мен қалалардың сыртқы және ішкі келбеті, аудандық және кенттік жолдар мен қызмет көрсету мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ермек Көшербаев өңірде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясышығысқазақстандықтар арасында жандана түскенін атап өтті. Бірнеше күн ішінде оған 20 мыңнан астам адам қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы аяқталарда аймақ басшысыосыған дейін ҚР Қорғаныс министрінің идеология, Ақпарат және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған, коммуникациялар жөніндегі кеңесшісіӘлішер Сүлейменовті таныстырды.