
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Ораза айт - қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін, мейірімділік пен қайырымдылыққа, ізгілік пен жанашырлыққа толы мереке. Көпұлтты елімізде Ораза айт қазақстандықтарды дініне қарамастан біріктіріп, ізгілікке баулиды.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, қазіргі таңда елдігімізді мығымдап, қиын жағдайға тап болған әр қазақстандыққа жанашырлық танытып, қамқорлық танытуымыз – маңызды. Көктемгі су тасқыны кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді айқындай түсейік!Айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш пен жақсылық әкеліп, бейбітшілігіміз өркендей берсін!
Ораза айт мерекесі құтты болсын!