Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері, шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері, шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздердің мамандықтарыңыз - ең ізгі әрі сұранысқа ие кәсіптің бірі. Бұл салада рухы берік, жылы жүректі тұлғалар жұмыс істейді. Қазақстандықтардың денсаулығы, бақыты мен әл-ауқаты сіздердің күнделікті қызметтеріңізге байланысты.
Бүкіл адамзат үшін оңай емес, осынау коронавирус инфекциясының пандемиясы кезеңінде сіздер алғы шептесіздер. Ұлт саулығы үшін тәулік бойы асқан жанкештілікпен ерен еңбек етудесіздер.
Сіздердің жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, табандылықтарыңыз үшін шексіз алғысым мен ризашылығымды білдіремін!
Өңірдің денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың басты қағидаты - озық дамуға дейінгі жүйелі жол. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың оң әсері, әсіресе, пандемияға қарсы тұру кезеңінде айқын байқалып отыр. Бүгінде облыста барлық күш COVID-19 вирусының таралуын тежеуге бағытталған.
Осынау мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілеймін!