Тұрғын үй мәселесі шешімін табуда

Тұрғын үй мәселесі шешімін табуда

Жарма ауданында 2019 жылы тұрғын үй кезегіндегі тұрған 59 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Динара Исабаева тұрғын үй құрылыстарын табысты жүзеге асырып келеді. Мәселен, былтыр аудан орталығында екі пәтерлі 5 тұрғын үйді қолданысқа берілсе, биыл қосымша екі пәтерлі 9 баспананың құрылысы басталды.
Айта кету керек, Шар қаласында да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің ірге тасы қаланатын болады.