ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Бүгін санавиация дәрігерлері Абай облысы аумағында қалып қалған тарбағаьайлық жас ана мен жаңа туған нәрестені облыс орталығына ауруханаға жеткізді.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, 2002 ж.т. Тарбағатай ауданының тұрғыны жуырда Өскемен қаласынан таксимен жолға шыққан. Алайда су деңгейі көтеріліп, жол жабылғандықтан, Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылында қалып қойған. Өзін жайсыз сезініп, денсаулығына алаңдағандықтан, дәрігерлерге жүгінген.
Бүгін таңғы уақытта жас ана мен нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізіліп, облыстық аурухананың гинекология бөліміне жатқызылды. Ал нәресте Ана мен бала орталығында дәрігерлер бақылауында. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі