
Жыл сайын мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау азаматтардың өмірін қиып жатыр.
Зардап шеккендердің арасында: мұзда балық аулауды ұнататын балықшылар, еріген көктемгі мұзға шыатын көлік иелері.
"Мұздың беріктігі қалыңдығына, ауа температурасына, су айдынының өзіндік нрекшеліктеріне байланысты. Қауіптінің бірі - жұқа көктемгі мұз.
Барлық балықшылар алғашқы және көктемгі мұзға шығу өте қауіпті екенін білуі тиіс. Қазіргі уақытта өңірде құтқарушылар мен полицейлердің кәсіби рейдтері күшейтілді. Ең бастысы - азаматтарға өз өміріне қауіп төндірмеу керек екенін жеткізу болып табылады. Бүгінгі таңда жалпы 700-ден астам рейд ұйымдастырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабын бұзған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Кезекті рейд барысында құтқарушылар мұздың беріктігін көзбен қалай анықтау керектігін айтып берді: көк түсті мұз — берік, ақ түсті мұздың беріктігі 2 есе аз, сұр немесе сарғыш реңкті мұз - сенімсіз.
Балықшылар мен автокөлік иелерімен қауіпсіздікке қатысты нұсқамалар өткізілді, қауіпсіздік мақсатында жабық мұз өткелдеріне барудың қажеті жоқ екендігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, ШҚО ТЖД қызметкерлері мұз өткелінен көлікпен шыққанда қандай ережелерді сақтау керектігін атап өтті және оларды іс жүзінде көрсетіп, мастер-класс ұйымдастырды.