
Үлкен Нарын ауданында жауын және еріген қардың салдарынан 21 жеке тұрғын үйлердің аумағына су кірген.
Қазірде ауылдарда жергілікті атқарушы билік ЖД, әскери бөлімнің қызметкерлерін қосқанда жалпы 92 адам және 16 техника жұмыс жасауда. Су алған учаскелерден мотопомпалар арқылы су шығарылып, бөгеттер жасалды.
- Жұмыстар тәулік бойы жүргізілетін болады. Жаңа Хайрузовка, Көкбастау, Жұлдыз ауылдарына еріген қар суын жеткізбей, арнасы қауіпсіз жерге бұрылды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері, ТЖД, әскери бөлімнің қызметкерлерімен бірге 92 адам жұмылдырылды. Жағдай толықтай бақылауда, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Ауылдарда арықтарды тазалау және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
- Халықты уақытша орналастыру үшін 190 орын әзірленді. Жиналған суды шығару үшін арықтың іші кеңейтілуде - деді ШҚО ТЖ Департаменті басшысының орынбасары Кенжебекұлы Қуатбек