Дорогие друзья, молодые жители области!

Дорогие друзья, молодые жители области!

Президенттік Жастардың кадрлық резерві – бұл Мемлекет басшысының дарынды жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы.

Тек жоғары кәсіби және моральдық қасиеттер арқылы резервке іріктеу -  болашақта мансаптық өсуге мүмкіндік береді.  

Ендігі кезекте Мемлекет басшысының бастамасымен аймақтарда Өңірлік жастар кадр резерві құрылмақ.

Бұл резерв өңірлерді дамыту ісіне араласуға дайын жастардан тұратын болады.

Резервке іріктеу барынша ашық, айқын, әділ жүргізіліп, нәтижесінде қажетті талаптарға сай жас басқарушылардың өңірлік пулы қалыптасады деп сенемін.

Өңірімізде өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқаратын, жаңашыл, батыл шешімдер қабылдай алатын жаңа формация басшылары сұранысқа ие.

Ел Президенті айтқандай, «білімді, патриот, еңбекқор жастар – еліміздің ілгерілеуі мен тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күші».

Сіздердің шынайы ұмтылыстарыңыз және жоғары кәсіби құзыреттіліктеріңіз Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосатынына сенімдімін.

Облысымыздың болашағы – білімді әрі талантты жастардың қолында екені сөзсіз.

Өздеріңіз сияқты озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар  ел басқару ісіне араласатын таңдаулы жастардың қатарына қосылып жатса - ол сіздер үшін үлкен құрмет.

Іріктеу кезеңдерінен өткен резервшілер, мемлекеттік қызметке, облысымыздың аумағында түрлі жауапты лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалуға мүмкіндік алады.

Өңіріміздің білімді жастарын осы жобаға қатысып, өз өлкесінің өркендеуіне үлес қосуға шақырамын!

 

Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Ермек Көшербаев