
Науқастардың ішінде 11 адам Семей, 9 адам Өскемен қаласынан және Тарбағатай ауданынан 1 әйел адам тіркелген.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 4 семейліктен, облыс орталығының 3 тұрғынынан және Тарбағатай ауданының азаматшасынан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынды.
Қалғандары өз өтініштері бойынша ЖРВИ белгілерімен түскендер. Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 298 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 137.