Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам ауру белгілерімен анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам ауру белгілерімен анықталды

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласындағы 3 науқастардан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтініштерімен ЖРВИ белгілерімен түскен 2 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, Өскемен қаласындағы өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен науқастан мониторинг жүргізу кезінде, Риддер қаласындағы науқастан Павлодар облысынан вахталық жұмысқа келген тұлға ретінде алынды. Зайсан ауданындағы науқастан Қостанай облысынан келген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші 2020 ретінде алынды. Көкпекті ауданындағы науқастардың бірінен бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен екінші науқастан мониторинг жүргізу барысында алынды. Күршім ауданындағы науқастардан Түркістан облысынан келген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші 2020 ретінде алынды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 277 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 130.