
2024 жылдың 15 наурызында 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында ZOOM платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдептің негізгі нормалары мен талаптарын сақтауы жөнінде» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру.
Шарада ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі М.Е. Беккужина «әдеп кодексі» терминіне анықтама беріп, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары туралы ақпараттандырды және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары жөнінде хабардар етті. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.