Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Тұрғындар түрлі салаларды дамыту бойынша ұсыныстарымен айтып, өтініштерін жеткізді. Мәселен, өңірдің белгілі ғалымы, жазушысы және орнитологы Борис Щербаков Көктау тау жотасы мен Абылайкит аумағындағы тарихи музей базасында рекреациялық аймақ құру жобалары туралы айтып берді. Бұл туризмді дамытуға бағытталған жақсы идея. Сондай-ақ, облыс тұрғыны Анатолий Лаптев теле және бейне индустриясын дамытуда өз ойымен бөлісті.
Галина мен Александр Лукьяновтар аудандарда, атап айтқанда Риддерде гемодиализ кабинеттерінің жетіспеушілігі мәселесін айтты. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені медициналық логистика тұрғысынан қарастырады, осылайша осы кабинеттерге жету сол немесе басқа аудандағы барлық елді мекендердің пациенттеріне ыңғайлы болды.
Сондай - ақ, Қазақстандағы балалар ойыншықтарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Наталья Саратова жүгінді. Ол ойыншықтардың өндірісі мен ерекшеліктері, олардың үштілділікті дамыту тұжырымдамасына сәйкес жасалуы және осы саланың басқа аспектілері туралы айтты. Білім басқармасында мамандарға Шығыс Қазақстанның мектепке дейінгі және үйірме ұйымдары жергілікті ойыншықтармен жабдықталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасау тапсырылды.
Бірнеше өтініштер еңбек заңнамасын бұзуға қатысты болды, олар еңбек инспекциясы басқармасының басшысына жіберілді. Әр жағдайды жіті қарап, маған нәтижелері бойынша жеке есеп береді.