Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам ауру белгілерімен анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам ауру белгілерімен анықталды

Науқастардың ішінде Семей қаласында 2004, 2015 ж.т. қыз балалардан және Өскемен қаласының тұрғыны, 1960 ж.т. ер адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласындағы науқастардан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, Өскемен қаласындағы науқас өз өтінішімен пневмония белгісімен түскенде мониторинг жүргізу кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 265 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 113.