
Барлық мұсылман қауымды Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Ораза айы - жақсылық пен мейірімділік, бауырмалдық пен жанашырлықтың көрінісі. Мен барлығына осы қасиетті айға таза ойлармен және күшті рухпен кіруді тілеймін. Қазіргі уақытта мұқтаж адамдарға көмектесу, қажет адамдарға қолдау көрсету, шынымен мейірімді және шынайы болу бұрынғыдан да маңызды. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Елімізде бейбітшілік пен татулық нығая берсін! Халықтар арасындағы жасампаздық, құрмет пен рухани кемелдену шарықтай түссін! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!