
Құрметті де ардақты арулар, нәзік жанды ханымдар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - жылулық пен ізгіліктің, рухани сүйіспеншіліктің мерекесі. Біздің қоғамда әйел адамның алар орны ерекше. Сіздер отбасы ұйытқысы бола тұра, түрлі салаларда жауапты қызмет атқарып, қоғам дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Жарқын мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!