8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстың барлық қалалары мен аудандарының нәзік жандыларымен кездесті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстың барлық қалалары мен аудандарының нәзік жандыларымен кездесті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстың барлық қалалары мен аудандарының нәзік жандыларымен кездесті.

Шай дастарханында, бейресми кездесуге әр түрлі жастағы және кәсіптегі әйелдер қатысты, бірақ олардың барлығын туған жеріне және өз ісіне деген сүйіспеншілік біріктіреді.
Әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, Ермек Көшербаев көп балалы аналар, кәсіпкерлер, басқа салалар мен кәсіптердің өкілдері болсын, мемлекеттің экономикасын дамытудағы барлық әйелдердің рөлін атап өтті.
Қымбатты ханымдар, Сіздерді көктемгі мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен сіздермен осы тамаша мереке қарсаңында кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге және отбасыларыңызға бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін. Баршаңызға еңбегіңіз бен қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымды білдіремін- деді облыс әкімі.
Кездесуге 30-дан астам әйелдер қатысты. Олардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, екі күн ішінде кездесуге қатысушылар үшін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Өскемен бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Әйелдер балалар шығармашылығы үйінде, ұлттық садақ ату клубында, қолданбалы өнер мұражайында және театрда болды.
Бүгін әйелдер мерекесі қарсаңында түрлі саладағы өкілдер жиналғанына қуаныштымын. Баршаңызға бақыт, табыс және амандық тілеймін, – деп бөлісті жиынға қатысушы Айнұр Қабидолдина.
Баршаңызға денсаулық, әр дайым күліп жүруді тілеймін. Естеріңізде болсын, біз сіздерді жақсы көреміз, – деді Ермек Көшербаев.