
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасының персоналы үшін ҰҚКД ТҚО бөлімі, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында бірқатар маңызды тақырыптар талқыланды (терроризм актісі туралы анонимді хабарлама түскен жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі; көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы; қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі; террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы; терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары).
Соңында, дағдарысты жағдай орын алған кездегі объектінің персоналын эвакуациялау жөніндегі нұсқаулықтар ұйымдастыру бойынша ұсыным берілді.
Материал Шығыс Қазақстан облысы Терроризмге қарсы Комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.