
Вирус ПТР әдісімен Семей және Өскемен қалаларының тұрғындарынан расталған.
Науқастардың ішінде 7 адам Семей қаласының тұрғындары.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласына тиесілі 3 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 3 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 1 науқастан денсаулық жағдайына байланысты өз өтінішімен келген тұлға ретінде алынса, 1 науқас профилактикалық мақсатпен және ӨСОА белгілерімен түскен Өскемен қаласының тұрғыны нан мониторинг барысында анықталды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 224 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 93.