Гандболдан әйелдер командалары арасындағы XXXII Суперлига чемпионаты

Гандболдан әйелдер командалары арасындағы XXXII Суперлига чемпионаты

Гандболдан әйелдер командалары арасындағы XXXII Суперлига чемпионаты Өскеменде жекпе-жек Сарайында басталды. Оған Астана, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Шымкент және Түркістан командалары қатысуда.
Ұйымдастырушылардың, сондай-ақ ҚР гандбол федерациясының атына спорттың осы түрін дамытуда ежелден келе жатқан және берік дәстүрлері бар Шығыс Қазақстанды өткізу орны ретінде таңдағаны үшін алғыс сөздер айтылды.
Спорт бізді әрқашан біріктіреді, мемлекеттің имиджін, беделін қалыптастырады, сондықтан біз дене шынықтыруды дамытуға, жоғары жетістіктер спортына ерекше назар аударуға тырысамыз, – деді ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев. – Біз барлық спортшыларды қарсы алуға қуаныштымыз, алаңда қызықты ойындарды көргіміз келеді, көрермендерге жақсы әсер, ұмытылмас эмоциялар тілейміз.
Көптеген қонақтар, спортшылар, жаттықтырушылар ШҚО-да жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізу үшін жасалған тамаша жағдайларды атап өтті.
Биылғы жылы халықаралық деңгейдегі түрлі турнирлерге қатысып, әйелдер ғана емес, ерлер гандбол командалары да жақсы нәтиже көрсетуде, - дейді "Қазақстан гандбол федерациясы" РҚБ президенті Гүлнар Тұрлыханова. – Соның ішінде, Қазақстан чемпионаты ірі халықаралық жарыстарға дайындалуға, содан кейін табысты қатысуға тамаша мүмкіндіктер береді. Гандбол-адамдарды біріктіретін командалық спорт түрі, барлығын гандболмен айналысуға, бірге мағыналы жеңістерге жетуге шақырамыз.
Алғашқылардың бірі болып Астана мен Шымкент әйелдер командалары алаңға шықты. Қысқа үзіліс кезінде Шымкент командасының Мария Головлева өзінің алғашқы әсерімен бөлісті.
Жағдай керемет, біз өзімізді керемет сезінеміз", - деді спортшы. - Қатты аяз ғана ерекше болды, ал бізде Шымкентте өте жылы, тіпті ыстық. Жеңіске ұмтылайық!