
2024 жылдың 20 ақпанында 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында ZOOM платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі туралы» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу қажеттілігін түсіндіру.
Шарада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі А.М. Масенова коммуникациялық кеңестікте латын графикасының oрны мен көне заманнан бері қазaқ ұлтының әртүрлі жазу жүйесін пайдаланғаны туралы ақпарат беріп, латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиінің қаріптері мен QWERTY стандарты бойынша пернетақтадағы қаріптердің нұсқасымен таныстырды, әліпбиде диакритикалық таңбаларды қолдану қажеттігі туралы хабардар етті. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.