
Олар 1999, 1964, 1941 ж.т. Семей және 1988, 1946 ж.т. Өскемен қаласының тұрғындары. Барлығынан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 1988 ж.т. ер адамнан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалған науқастар денсаулығы нашарлап өз өтініштерімен медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 204 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны - 83.