Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды

Ауру белгілері айқын науқастардың жетеуі Семейден, қалған екеуі Өскемен және Тарбағатай ауданының тұрғындары.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша Тарбағатай ауданында тіркелген науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалғандары денсаулығы нашарлауына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 199 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны - 66.