
Айқын ауру белгілері бар науқастар Семей қаласының тұрғындары. Олардың ішінде 2019 және 2020 ж.т. нәрестелер де бар.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 3 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалған 5 науқас денсаулық жағдайларына байланысты өз өтініштерімен келген тұлға ретінде тексеріліп анықталды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 185 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 57.