Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды

Науқастардың ішінде 1 ер, 4 әйел адам Семей қаласының тұрғындары, 1 әйел адам Тарбағатай ауданының және 3 науқас (1айел, 2 ер адам) Үржар ауданының тұрғыны.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 8 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, 1 науқас Нұр-Сұлтан қаласынан келген тұлға ретінде тексеріліп анықталды. Барлығында ауру белгілері айқын.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 177 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 57.