Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша Семинар-кеңес

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша Семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні сағ. 11.00-де облыс әкімі аппаратының № 108 мәжіліс залында (Өскемен қ., М.Горький көшесі, 40) облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2023 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өтті.

Аталған кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері аппаратының басшылары және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Өскемен қаласы және Самар ауданы әкімдері аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері 2023 жылы атқарылған жұмыстардың есептерін берді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшы болған ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері облыс әкімінің алғысымен марапатталды. Бұл Өскемен қаласы, Самар, Күршім, Тарбағатай аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдері.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының профессоры Грызунова Г.В. жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне  «Оқытудың белсенді әдістері» тақырыбына семинар өткізді.