Қазақстандағы БҰҰ өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жобалық кеңсесі арасында кездесу өтті

Қазақстандағы БҰҰ өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жобалық кеңсесі арасында кездесу өтті

Мемлекеттік органдардың жобалық жетілуін сараптамалық бағалау, жобалық басқаруды жүзеге асыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Ұлттық консультанты Гүлнара Константинқызы Исенова Шығыс Қазақстан облысына ресми сапармен келді. 2024 жылғы 25 қаңтарда Г. К. Исенова облыстың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының (бұдан әрі-ҮББ-4) іске асырылуымен танысты. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының жобалық кеңсесінің басшысы Шолпан Маратқызы Жұмаділова және ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Елена Владимировна Карпова қатысты.

2020 жылдан бастап жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы-кеңесші, 2020 жылдан бастап кәсіби медиатор бола отырып, Г. К. Исенова мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық басқаруды ұйымдастыру дағдыларымен бөлісіп, сондай-ақ оны одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар берді.