
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні сағ. 11.00-де облыс әкімі аппаратының № 108 мәжіліс залында (Өскемен қ., М.Горький көшесі, 40) облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2023 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өткізіледі.
Аталған кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері аппаратының басшылары және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері шақырылып отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының оқытушыларды тарта отырып жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерін «Оқытудың белсенді әдістері» тақырыбына оқыту тренингін өткізу жоспарлануда.