
2024 жылдың 29 қаңтарында 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында ZOOM платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Тіл мәселесі» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының қолданыс аясын түсіндіру.
Шарада облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Г.А. Казимова қабылданған Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен облыстағы тілдік ахуал жөнінде баяндама жасады. Шығыс Қазақстан лингвисткалық орталығының директоры А.М. Абзалова тегін тіл оқыту курстары мен қазақ тілін оқытуға арналған интернет-ресурстар туралы ақпарат жеткізді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасы тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Ж.Б. Әділбекова QAZTEST – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі бойынша мәліметті хабардар етті.