АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРЛЕРІ ЗЕРГЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЙДЫ

АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРЛЕРІ ЗЕРГЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЙДЫ

ШҚО ана мен бала орталығының дәрігерлері гидроцефалия кезінде ми аймағына шунттарды орнату бойынша күрделі операцияларды орындайды.

-Егер бұрын "гидроцефалия" диагнозы үкім сияқты естілсе, қазір бұл аурумен ана мен бала орталығының нейрохирургтары сәтті күресуде,-дейді ШҚО ана мен бала орталығының нейрохирург-дәрігері Олжас Азанқұлов.

ШҚО ана мен бала орталығында Пантелеймоновка ауылынан келген 11 жастағы пациент Камилла Байзакова сәби кезінен бастап "гидроцефалия"диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Нәрестеге алғашқы шунт екі айында қойылған-ды. Ол жалпы алғанда өмірінде бес рет ота жасатты.
Кейін Камилланың аяғында әлсіздік пайда болды. МРТ жұлынның грыжасын көрсетті. 2013 жылы сәби кезінде оған Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында жұлын ісігіне операция жасалды.

Осы жылдың қаңтарында жеткіншекке хирургтар тағы бір операция жасады.
Қазір пациент өзін жақсы сезінеді, үйге шығуға дайындалып жүр. Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің айтуынша, ол ауруханада бос қарап жатпайды, моншақтармен керемет суреттер кестелейді, телефондарға арналған брелоктар мен білезіктер жасайды. Қыз зергерлік бұйымдарын қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатқан балаларға сыйлайды. Кішкентай пациент бөлімде жатқан құрдастарына ғана емес, ересектерге де өміршеңдіктің, төзімділіктің және ақыл-ойдың үлгісін көрсетіп жүр.

Елімізде осындай диагноз қойылған науқастарды емдеу мүлдем тегін екенін, барлық шығындар МӘМС қаражаты есебінен жабылатынын ескерте кеткен жөн.