
Облыстың Денсаулық сақтау басқармасының Үйлестіру кеңесінде өткен жылғы туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру қорытындылары талқыланды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, 2023 жылы сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 42,7 құрады (311 жағдай), 1,8 төмендеді.
Науқастардың құрылымында ең көп жұмыссыздар және 20-64 жас аралығындағы жұмыс жасындағылар бар. Жаңадан анықталған 311 жағдайдың ішінде қала халқы арасында ауруды тіркеу 55,1% (2022 ж. - 57,2%), ауылдық – 44,9 (2022 ж. - 42,8%) құрады.
Бұл ретте, науқастарда қатар жүретін аурулар, сонымен қатар АИТВ, қант диабеті, тыныс алу органдарының аурулары, жүрек – қан тамырлары аурулары, алкоголизм және нашақорлық және тағы басқалар атап өтіледі.
2023 жылы 11 бала ауырып, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың балаға шаққанда 6,0 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 28,6% - ға төмен.
Туберкулез инфекциясы ошақтарынан шыққан балалардың сырқаттануының себептерінің бірі ата-аналардың профилактикалық емдеуден бас тартуы болды. Манту сынамасын қоюға жататын барлық балалар оны бір жыл ішінде медициналық ауытқулар мен ата-аналарының бас тартуына байланысты алған жоқ. Манту сынамасының оң нәтижесі бар 849 бала Диаскинтест сынамасын қою арқылы толық зерттелмеген.
Балалардың туберкулезбен сырқаттануының алдын алу бойынша тиімді шара өз балаларын профилактикалық емдеуден бас тартқан ата – аналарды тарту болып табылады, бұл кейіннен туберкулездің белсенді түріне әкеліп соғады- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 701, 429 және 430-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Естеріңізге сала кетейік, облыста байланысқан балаларды сауықтыру үшін Өскемен және Риддер қалаларында тегін балабақшалар жұмыс істейді. Санаторлық балабақшаға жолдама емхананың фтизиатр дәрігері арқылы жүргізіледі.