ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕРЗЕНТХАНА БӨЛІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН АШЫЛДЫ

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕРЗЕНТХАНА БӨЛІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН АШЫЛДЫ

Тарбағатай аудандық ауруханасының перзентхана бөлімі күрделі жөндеуден кейін салтанаты түрде ашылды. Перзентхана бөлімі "Ауыл медицинасын моддернизациялау” жобасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген болатын.

Нәрестелер мен аналарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастырудың екінші деңгейіне ауысу үшін құны 280 миллион теңгені құрайтын жаңа аппараттар мен медициналық құрал-жабдықтар алынды, бөлімдегі акушер-гинеколог, неонатолог дәрігерлер мен медбикелер шет елдерде біліктіліктерін арттырды.

Бөлімде сырқаттанған жүкті әйелдер, босанушылар мен нәрестені күтуге арналған, яғни жоғары дәрежелі акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсететін 15 төсектік орын бар. Перзентхана бөліміндегі ең басты өзгешелігі арнайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жеке ота жасау бөлмесі жабдықталған.

Перзентхана бөлімінде 2022 жылы 351 сәби, 2023 жылы 252 бала дүниеге келген. 2024 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, мүмкіндігінше аналарды Облыс орталығында емес, аудандық ауруханада босандыру жоспарлануда. Сонымен қатар ағымдағы жылда медицина қызметкерлер Түрік елінде біліктіліктерін арттырады деп жоспарлануда.