Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан IX халықаралық турнир өтті.

Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан IX халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Қазақстанның әр өңірінен 70-тен астам спортшы қатысты. Бұл турнирдің лицензияға, яғни world Continental tour мәртебесіне ие болғаны қуантады. Нәтижесінде спортшылар әлемдік рейтингте ұпай жинай алады. Турнир спортшылар үшін өзін танытып, Олимпиада ойындарына жолдама алуына септігін тигізбек. Облыс орталығында аталмыш жарыстарды өткізу дәстүрге айналып отыр. Спортшылар тамаша нәтижелер көрсетіп, медаль жеңіп алу үшін бәсекеге түседі. Жалпы, жеңіл атлетика-бұл Шығыс Қазақстанның спорттық брендтерінің бірі, мықты спортшыларды тәрбиелеп отырғанымызға нық сенімдімін.