
Ұлан ауданында туризм мен мәдениетті дамыту мақсатында ұлттық құндылықтарды насихаттап, келуші туристерді бүркітшілікке баулитын ерекше орталық ашылуы жоспарлануда.
Бұл жайлы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және ата-анасымен кездесуі барысында белгілі болды. Бүркітші қыздың әкесі Нұрғайып Ырысұлы құсбегілік және оның ерекшеліктері жайлы кітап шығармақ.
Ал аты әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан жаңа орталықтың бренд-амбассадор маманына айналып, келушілермен өз тәжірибесімен бөліспек.