
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғытов пен кездесті.
Облыстың өткен жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары талқыланды.
Алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыс жоспарында- Шығыс Қазақстанның әртүрлі өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын республиқалық бюджеттен қаржыландыруы, оның ішінде Риддердегі қалалық аурухананың құрылысы және Өскемен қаласына жаңа ЖЭО салу жұмыстары бар.
Ермек Көшербаев пен Шәкәрім Бұқтұғытов экологияны жақсарту және жер қойнауын пайдалану бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.
Кездесуде сондай-ақ Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша комитетінің көшпелі отырысын Өскеменде өткізуі туралы әңгіме қозғалды.
Осы көшпелі отырысты облыс орталығында наурыз айында өткізу жоспарлануда. Отырыстың басты тақырыбы - геологиялық барлау болмақшы.