
Игібай Шаловтың Катонқарағай мен Үлкен Нарында май зауыттары бар. Ол пилоттық жоба ретінде Алтай, Самар, Катонқарағай, Күршім, Зайсан аудандарында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруды ұсынды.
Мемлекет шағын шаруашылықтарды ірі агроқұрылымдарға біріктіруді қолдайды, сондықтан бұл ұсынысты ауыл шаруашылығы басқармасы әрі қарай зерттейтін болады.
Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауындағы үйлерді орталықтандырылған энергиямен жабдықтау мәселелерін Антон Девяткин мен Виктория Еремеева көтерді.
Осы мәселе бойынша энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы жаңа желілерді салуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Сондай-ақ, қолданыстағылар одан әрі жаңғырту үшін коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
Александра Талхигова Риддер қаласындағы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынын баспана беру мәселесін қозғады.
Оның айтуынша, көптеген жалдамалы үйлерде пәтер иелерінің кооперативі немесе меншік иелерінің қауымдастығы жоқ.
Риддер қаласының әкіміне жағдайды зерттеп, қала тұрғындарымен кездесіп және тиісті басқару нысанын таңдау тапсырылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келетін болсақ, ол Донское ауылында орналасады.
Орталық өңірдің түкпір-түкпірінен балаларды қабылдайды.
Бұл ғимарат кәмелетке толмаған балалардың ыңғайына қарай дайындалған және 35 төсек-орынға есептелген.
Белоусовка ауылының тұрғыны Светлана Моисееваның айтуынша, Центральная, Куйбышев, Буденный, Маяковский көшелеріндегі үйлерді жаңа шағын ауданының су құбырына қосу керек.
Бұл мәселе көктемде шешіледі, қазірдің өзінде барлық дайындық жұмыстары аяқталуда.
Анна Король 2021 жылы дүниеге келген қызы Дарья Проскурякованы «Бүйрек үсті безінің туа біткен дисфункциясы» ауруымен ауратындықтан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Облыс бойынша барлығы 8 балада осындай диагноз бар. Барлығының проблемасы бірдей: олар емге қажетті «Кортеф» пен «Кортинеф» препараттарын ала алмауда және мүгедектік алу мәселесі шешілмеуде.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаларға ең керекті дәрілер Қазақстан Республикасында тіркелмеген.
«Кортеф» препоратына жалпы қажеттілік жылына 120 қаптаманы, «Кортинеф» 172 қаптаманы құрайды. Бұл препараттарды сатып алу үшін жылына бір миллион теңгеден астам қаражат қажет.
Әзірге бұл мәселе «Парыз» қорынан дәрі-дәрмекке қаражат бөлу арқылы шешілмек.
Шемонаиха ауданының тұрғыны Сергей Шутов ағаш өндіретін зауытының құрылысын жүзеге асыру мақсатында «Верх-Убинское орман шаруашылылығы» КММ мемлекеттік орман қорының учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат сұрады. Оның айтуынша, жобаның құны 7,5 млрд теңгені құрайды.
Облыс әкімі жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін білдірді, өйткені бұл өнім мультипликативті нәтиже береді. Енді оны салу мәселесін қолданыстағы заңнама тұрғысынан қарастыру қажет.
Кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша облыс әкіміне «Қорғау» кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Казанцева жүгінді.
Қоғамдық даму басқармасына кәсіподақтардың ұсыныстарын қарап, қажетті қолдау көрсету тапсырылды.