
1962, 1996, 2019, 1976 жылғы Семей тұрғындарынан және 1987 ж.т. Семейге келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан және 1996 ж.т. Ресей Федерациясынан келген Алматы қаласының тұрғынынан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 1 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, 3 науқас ЖРВИ және пневмония ауру белгілеріне мониторинг жасау кезінде
және 2 науқас шет елден (РФ) келген тұлға ретінде тексерілді.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 148 адам тіркелді.