Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкинамен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкинамен кездесті.

Кездесуде облыста білім беруді дамыту және жаңа мектептер салу мәселесі талқыланды.

Шығыс Қазақстанда 343 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, онда 97 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Оқушылардың білім сапасын арттырумен қатар, негізгі міндеттердің бірі – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту.

Бұл көрсеткішті бағалаудың негізгі құралы PISA-2022 халықаралық зерттеуінің нәтижелері болып табылады.

«2022 жылы зерттеуге 35 білім беру ұйымынан мыңнан астам оқушы қатысты. Желтоқсан айында біз бұл саланың жаратылыстану және оқу бойынша үздік бестікке енгенін көрсететін нәтижелерге қол жеткіздік. Математика пәні бойынша да біздің оқушылыр үздіктердің қатарына енді. «Қала - ауыл» бөлінісіндегі нәтижелер биыл жарияланады», - деді Ермек Көшербаев.

Облыста үш аусымды және апатты мектептер жоқ. Биыл 570 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді, 2025 жылға дейін 15 мектеп, 6000 орын салу жоспарланған.

«Біз Риддер қаласында мектеп салу және жылумен жабдықтау мәселелерін талқыладық. Өңір басшысы осы мәселелердің барлығын бақылауда ұстауда. Мен облыс басшылығы тарапынан дәл осы қала үшін бүгінде көп нәрсе жасалып жатқанына және барлық жоспарланған жобалар сәтті аяқталатынына көз жеткіздім», - деді Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Риддерде көпсалалы аурухана салу да қала үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып табылады.

Шығыс Қазақстаннан сайланған Мәжіліс, Сенат депутаттары осы аурухананы салу үшін Астанадағы тиісті министірліктермен тығыз жұмысты жалғастыруда.