Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев үздік мәдениет қайраткерлері мен мекемелеріне «Жыл үздігі - 2023» сыйлығын табыс етті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев үздік мәдениет қайраткерлері мен мекемелеріне «Жыл үздігі - 2023» сыйлығын табыс етті.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі үздік музей деп танылды.

Облыстық драма театрының жастар труппасы үздік театр труппасы деп танылды.

Облыс әкімінің симфониялық оркестрі мен «Алтай» халық би ансамблі үздік шығармашылық ұжымдар болып танылды.

Пушкин атындағы және Оралхан Бөкей атындағы кітапханалар «Үздік кітапхана» атанды.

Станислав Цихтың «St.Art» әлеуметтік-мәдени қорының инклюзивті театры «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға 3,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Облыс әкімі «Самал» саябағында ашық аспан астында өткізілген «Классикалық музыка кешті», Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында сахналанған Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ақжар» халық театры қойылымындағы «Әке Аманаты» спектаклі, Бозанбай ауылында өткізілген «Салбурын-2023» халықаралық бүркітшілер фестивалі сияқты мәдени іс-шаралардың ойдағыдай өткенін ерекше атап өтті.  

«Сондай-ақ өңіріміздің тарихында алғаш рет әлемге әйгілі Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасын жергілікті әртістердің орындауы да біздің тұрғындардың көңілінен шығып, жылдың үлкен мәдени оқиғаларының қатарына енді. «Абай әлемі» кітап сериясы коллекциясының тұсаукесерін де атап өткен жөн. Бұл жоба Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын дәріптеуге бағытталды», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.  

Өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар қатарында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бағдарламасы бар.

Археологиялық зерттеулер барысында табылған артефактілер Татарстанның «Қазан Кремлі» мемлекеттік музей-қорығында және Түркияның Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесінде ұсынылды.