
2023 жылдың 27 желтоқсанда 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында ZOOM платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерімен жұмыс істеудің өзекті мәселелері» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес жұмыс жүргізу.
Шарада облыс әкімі аппаратының өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас маманы Зарина Кудеринова «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің функциялары, өтініш негізінде қарастырылатын әкімшілік рәсімнің мерзімдері және өтініштерді қайта бағыттау мерзімдері жөнінде баяндама жасады.