
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері әкімдік отырысында қаралды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес бірқатар міндеттерді орындауға қол жеткізілді.
Ауылшаруашылық техникасын сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуі, су үнемдеу технологияларын қолдана отырып (тамшылатып суару, жаңбырлату) жер алаңының кеңеюі, жоғары сапалы тұқымдар мен минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау көлемінің өсуі есебінен, жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдермен де қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктің 80%-ын құрады. АӨК өнімдерінің экспортын, сондай-ақ экспорттың жалпы көлеміндегі қайта өңделген өнімнің үлесін арттыруға қол жеткізілді.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту жөніндегі жоспарлар орындалып, соның нәтижесінде 7 ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру күтіліп отыр.
2024 жылы облыстың АӨК одан әрі дамыту Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тұжырымдамада 19 нысаналы индикатор қарастырылып, олар бойынша нысаналы индикаторларды Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылы облыс әкімдіктеріне жеткізетін болады