На заседании акимата Восточно-Казахстанской области рассмотрели вопросы реализации Национального проекта «Качественное образование. Образованная нация»

На заседании акимата Восточно-Казахстанской области рассмотрели вопросы реализации Национального проекта «Качественное образование. Образованная нация»

    

        Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында «Сапалы білім беру. Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

        Облыста бұл жобаны іске асыру 3 бағыт және 12 көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

        Бірінші бағыт - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

        Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 205 балабақша, оның ішінде 89 (43%) жекеменшік балабақша жұмыс істейді.

        Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 4927 (100%) бала балабақшаға тегін барады.

Облыстық қадамдық жоспар аясында жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 2700 орын құрылды.

2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 98,7% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

        Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында 2025 жылға дейін МЖС тетігі бойынша 1280 орындық 5 балабақша салу, 360 орындық 2 балабақша ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару, 440 орындық 5 жекеменшік балабақша ашу, сондай-ақ 408 орындық 14 балабақшаны (барлығы 2488 орындық) кеңейту жоспарланған.

        Екінші бағыт - орта білім беру.

Орта білім беру жүйесінде 97574 бала оқитын 343 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.

        Жоба міндеттерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру және қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту болып табылады. PISA - 2022 халықаралық зерттеу нәтижелері осы көрсеткішті бағалаудың негізгі құралы болып табылады.

        2022 жылы зерттеуге 35 білім беру ұйымынан 1067 жасөспірім қатысты, олардың ішінде 29 мектеп (15 қалалық, 14 ауылдық мектеп) және 6 қалалық колледж бар.

          Желтоқсан айында алынған нәтижелер бойынша облыс жаратылыстану (441 балл) және оқу (410 балл) бойынша үздік бестікке енсе, ал математика (432 балл) бойынша 7-ші орында.

«Қала - ауыл» бөлінісіндегі нәтижелер 2024 жылы жарияланатын болады.

         Облыста үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 570 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді, 2025 жылға дейін тағы да 6000 орындық 15 мектеп, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланып отыр.

6 мектепке күрделі жөндеу, 83 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

          50 мектеп жаңғыртылып, ондағы оқушылар жиһазы, асханалар мен кітапханалардың жабдықтары жаңартылып, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылды.

         Облыс мектептерінде физика, химия, биология пәндерінің кабинеттері жаңартылып жатыр. Ағымдағы жылы 35 кабинет сатып алынды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда мектептердің 82%-ы заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды.

         Мектептер, балабақшалар мен колледждер 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. 116 қалалық және 99 ауылдық білім беру ұйымдары ЖБО-ға қосылды.

Барлық мектептер ауыз судың негізгі көздерімен, бөлек минималды жабдықталған дәретханалармен және қол жууға арналған негізгі құралдармен қамтамасыз етілген.

         Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10896 бала тұрады, оның ішінде 8556 оқушы.

         Облыста түзету көмегін көрсету үшін барлығы 6 арнаулы мектеп, 5 арнаулы балабақша, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, оңалту және аутизм орталықтары, «аутизм» диагнозы қойылған балаларға арналған 1 жекеменшік мектеп, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 55 инклюзияны қолдау кабинеті, 82 логопункт, 110 арнаулы сынып пен топтар жұмыс істейді.

        Оқушылардың 92% -ы қосымша біліммен қамтылған. 44 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 717 үйірме, мектептерде 2974 үйірме ашылды. 2024 жылға 93% қамту жоспарланған.

         Үшінші бағыт - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі.

Облыста 18737 студент оқитын 41 колледж бар. Кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс жыл сайын артып келеді. 2023-2024 оқу жылында 5930 орын бөлінген.

        Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 9-сыныптың 4408 түлегі қабылданды, бұл 9-сынып базасында түскен талапкерлердің жалпы санының 92% құрайды, жоспар бойынша 80% қамту көзделген.

        Кадрларды даярлау сапасының басты көрсеткіші жұмысқа орналастыру болып табылады. Ағымдағы жылы 4 556 студент оқуды бітіріп, оның 3945-і (86,5%) жұмысқа орналастырылды.

        Дуалды оқыту технологиясы 3905 студентті оқумен қамти отырып 28 колледжде 46 мамандық бойынша іске асырылады.

        Екінші жыл колледждер кадрларды атаулы даярлауды жүргізеді. Ағымдағы жылы кәсіпорындардың өтінімдері негізінде нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытуға 900 орын бөлінген. Сондай-ақ 21 колледж 28 бизнес өкілімен қамқорлық туралы меморандумға қол қойды.