Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Үміт» арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығында болды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Үміт» арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығында болды.

Бүгінгі таңда екі жүзден астам бала осында тұрып, білім алып жатыр. Олардың ішінде жетім балалар, жалғыз немесе екі бірдей ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ ата-аналары немесе басқа адамдар тарапынан олардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде іріктелген балалар бар. Сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған бақылаусыз және қараусыз қалған балалар да бар.

Орталықта ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен театрландырылған қойылым өтті.

Аймақ басшысы орталықтың жұмысымен танысып, оқу кабинеттерін аралап көрді.

Мекеме 25 жыл бұрын құрылған. Мұнда балаларға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетіледі.

Мұнда медициналық кабинет, денешынықтыру, музыка залдары, қазақ тілі, ИЗО, логопед, дефектолог, ағылшын тілі кабинеттері бар.

Облыс әкімі тәрбиеленушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға оқытуға арналған заманауи плазмалық теледидар табыс етті. Сонымен қатар, Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша, балалар жазда Катонқарағай ауданына демалысқа барады.

Орталық ұжымы өз түлектерін мақтан тұтады. Мысалы, Евгений Выблов танымал «Х-фактор» телевизиялық жобасының жеңімпазы атанды. Қазір ол өзінің альма-матерінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Илья Капустенко Астана медициналық университетін пластикалық хирург мамандығы бойынша аяқтап, қазір Чехияда тағылымдамадан өтіп жатыр.

 «Сен Супер!» халықаралық жобасында жеңіске жеткен Владислав Лоскутков бүгінде Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасында жұмыс істейді.