Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Бүгін жедел штаб отырысы өтті. Елдегі және облыстағы жағдайды ескере отырып, карантин режимін әлсірету бойынша келесі кезеңді іске қосу туралы шешім қабылданды. Мен біздің облыс тұрғындарына шыдамдылық пен жауапкершілік үшін алғысымды білдіремін! Сондай-ақ, осы кезеңде облысымыздың медицина және санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінің жоғары еңбегін ерекше атап өткім келеді.
Төтенше жағдай енгізілген алғашқы күннен бастап біз үшін шектеу шаралары мен экономикамыздың және азаматтардың әл-ауқатын арасындағы балансты сақтау маңызды болды.
Сондықтан кезең-кезеңімен барлық шектеулерді толық алып тастау және әдеттегі өмірге оралу бағытында жұмысты жалғастырамыз.
Облыс бойынша карантин режимі 13-маусымға дейін қалады. Бірақ 3-маусымнан бастап, Семейден өзге барлық аудандар мен қалаларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік міндеттерін сақтай отырып, түнгі клубтар мен кальян тарту орындарынан басқа кәсіпкерлік және өзге де қызметтің барлық түрлері жұмысын қайта бастайды.
Кинотеатрлар мен театрлардың сыйымдылығының 50%-ін ашуға рұқсат етіледі. Осындай талаппен қоғамдық тамақтану нысандары да жұмыс істейді. Алайда үлкен іс-шаралар өткізуге болмайды. Осы ретте айта кетейін, сіздерден үйлену тойлары мен ас өткізу туралы өтініштер көп түсуде. Мен бір апта ішінде ұсыным жинақтауға тапсырма бердім. Кәсіпкерлер мен санитарлық қызметтер бірлесе отырып, отбасылық салтанат және еске алу шаралары кезінде азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жұмыс алгоритмін әзірлеуі тиіс.
Сондай-ақ, Семей тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Өткен аптаның соңында мен сүйікті қаламызды аралап, кәсіпкерлермен кездесу өткіздім. Сіздің ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді ескере отырып, біз 6 маусымнан бастап түнгі клубтарды, кальян тарту орындарын қоспағанда, кәсіпкерлік және басқа да қызметтің барлық түрлерін ашу туралы шешім қабылдадық. 2000 шаршы метрден аспайтын ірі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтары іске кіріседі.
ШҚО-да коронавирус жағдайы тұрақсыз.
Сондықтан барлықтарыңызды ұқыптылыққа, сақтыққа шақырамын. Өзіңізге және жақындарыңызға қорған болыңыз!