
Жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан облыстың 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 баласы қатысты.
Шыршаның жас қатысушылары үшін жаңа жылдық ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхат ұйымдастырылды, онда балалар әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездесті.
«Бұл залда жігерлі, талантты және білімқұмар балаларды көргеніме өте қуаныштымын! Сіздердің барлықтарыңыз биыл жақсы оқыдыңыздар, көп талаптандыңыздар, байқаулар мен жарыстарда жеңіске жеттіңіздер деп сенемін. Білім алып, дағдылану, ғылымды түсіну, тілдерді, тарих пен әдебиетті білу және уақыт талабына сай болуларыңыз Сіздер үшін маңызды», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршаның барлық қатысушылары дәстүрлі тәтті сыйлықтан бөлек, 150 000 теңге сомасына ақшалай сертификат алды.
Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелер аясында облыстың түкпір-түкпірінен келген қонақтарға арналған кең ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды: танысу кеші, дискотека (тұрғылықты жері бойынша), облыстық драма театрында жаңажылдық спектаклді тегін көру.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша және білім беру қажеттілігі шектеулі балаларға арналған жеке қойылым өткізілді.