Қазақстанда желтоқсанның үшінші жексенбісінде энергетиктер өз кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Қазақстанда желтоқсанның үшінші жексенбісінде энергетиктер өз кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев энергетика саласының бірқатар мамандарына ведомстволық наградалар мен құрмет грамоталарын тапсырды. 

«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен «Өскемен ЖЭО» ЖШС цех бастығының орынбасары Дмитрий Дергачев, «Өскемен ЖЭО» ЖШС ауысым бастығы Марат Тулесов, «Өскемен жылу желілері» АҚ №2 қазандығының аға шебері Виктор Зиновьев, Согра ЖЭО режимдік-диспетчерлік қызметінің диспетчері Николай Демидов марапатталды.

«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі «Өскемен жылу желілері» АҚ инженері Людмила Ивлеваға, «Өскемен ЖЭО» ЖШС 5-разрядты машинисі Алтай Урозаевқа, «Өскемен жылу желілері» АҚ электромонтері Данат Балдыбаевқа, «Өскемен жылу желілері» АҚ бөлім басшысы Ерік Мұхаметбекке табысталды.

 «Құрметті энергетик» төсбелгісіне «Өскемен ЖЭО» ЖШС 6-разрядты электромонтері Андрей Фатеев, «Өскемен ЖЭО» ЖШС 4-разрядты слесарі Сергей Рымарев, «Алтай қаласының жылу-су орталығы» КМК №2 жылу желілері учаскесінің шебері Андрей Лисицын ие болды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы Риддер қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Водоканал» МКК 6-тобы турбиналық бөлімінің аға операторы Иван Анчугинге табысталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен «Өскемен жылу желілері» АҚ жылу желілеріне қызмет көрсететін слесарі Виктор Кранц марапатталды.

Облыс әкімінің Алғыс хаттары «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директорының орынбасары Айнаш Абдулмановаға, «Өскемен жылу желілері» АҚ АҚ және ТЖ жөніндегі инженері Әбілқайыр Иманбековке, «Өскемен ЖЭО» ЖШС турбиналық цехтың жағалаудағы сорғы жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарі Мұхаметқали Еңсехановқа, «Энергоинформ» АҚ Шығыс филиалы ақпараттық технологиялар бөлімі технологиялық жүйелер тобының жетекші инженері Сергей Гребенщиковке, саланың еңбек сіңірген қызметкері, АЭС бұрынғы техникалық директоры, Өскемен ЖЭО бас инженері Виктор Недовесовке табыс етілді.