Үшжақты комиссия отырысы

Үшжақты комиссия отырысы

 2023 жылғы 19 желтоқсанда Кәсіподақтар үйінде Темірбек Қасымжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары онлайн режимінде қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне электронды еңбек шарттарын енгізу туралы», «Кэмонт» АҚ-ның жалақы бойынша берешегінің жағдайы туралы» баяндама жасады. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне электронды еңбек шарттарын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы және «Кэмонт» АҚ-ның еңбекақы бойынша берешегін жоюға бағытталған шараларға тоқталды.

«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық мәселелер және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманы Иван Николаевич Соколов білім беру жүйесінде салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі түйткілді мәселелермен бөлісіп, оларды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.            Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.