
Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 100 мыңнан астам адам тұтқындалып, 25 мыңы атылу жазасына кесілген еді. Олардың қатарында егемендік алу, мемлекет құру жолында алғашқы қадам жасаған «Алаш орда» қозғалысының көшбасшылары мен зиялы қауым өкілдері болды. Сталиндік қуғын-сүргін кезеңі еліміз үшін орны толмас қайғы. Бір ғана «Алаш орда» ісі бойынша 4297 адам қамалып, оның 2062-сі жазықсыз атылды. Бұл жылдары Қазақстан Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен азаматтар жер аударған мекенге айналды. Ел аумағындағы ашылған 11 арнайы лагерьлерде 2 миллионға жуық адам жатты.
Тарихымыздың бұл кезеңі терең зерделеуді талап етеді. Сондықтан былтыр облысымызда жұмыс тобы құрылып, музейлер мен мұрағаттардағы барлық мағлұматтарды зерттеп, жүйеге келтіру бағытында жұмысты бастаған болатын.
Бұл баласы саяси қуғын-сүргін құрбаны барлық халықтың ортақ тарихы. Олар біздің мәңгі жадымызда!