Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлемшелеріне арналған «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі даулы мәселелерді қараудың сот практикасы» атты семинар-кеңес өткізді

ШҚО әкімі аппараты және Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесе 2023 жылдың 19 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің мәжіліс залы және «ZOOM»  платформасы арқылы жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлемшелеріне арналған «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі даулы мәселелерді қараудың сот практикасы» атты семинар-кеңес өткізді. Семинардың мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тарапынан әкімшілік практиканы қолдану сапасын жақсарту. Шарада Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Р.Б. Какишеваның мемлекеттік органдарға қатысты әкімшілік істерді қарау жөніндегі сот практикасын талдау туралы және Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.М. Қабдрахманованың ЖАО-ның сапалы әкімшілік рәсімдерін жүргізу туралы баяндамалары ұсынылды. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.