
Бүгін 2023 жылдың 15 желтоқсанында сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет ардагерлерінің 2023 жылы мемлекеттік қызметке алғаш рет және қайтадан кірген Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендердің салтанатты түрде мемлекеттік қызметшілердің Антын қабылдауы өтеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Беккужина Мира Есенғазықызы жас мемлекеттік қызметшілерге Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі нормаларын сақтау және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының тақырыбына дәріс өткізді.