
Ертең 2023 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет ардагерлерінің 2023 жылы мемлекеттік қызметке алғаш рет және қайтадан кірген жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендердің салтанатты түрде мемлекеттік қызметшілердің Антын қабылдауы өтеді.